04 қар, 2019 сағат 06:25

Байғазиннің фильмі «Мәскеу премьерасының» басты екі жүлдесін жеңіп алды

Ресей астанасында «Мәскеу премьерасы» халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап.

Әмір Байғазиннің «Река» фильмі байқаудың Гран-приін жеңіп алды.

«Мәскеу премьерасы» фестивалі 29 қазаннан 3 қарашаға дейін «Горизонт» кинотеатрында болды. Оған Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Украина, Грузия, Латвия, Эстония, Ресей елдерінің киноматографтары қатысты.

Фестиваль аясында толық метражды және қысқа метражды фильмдердің байқауы болды әрі «Халықтар достығы» циклінде бұрынғы үздік фильмдер, бірлесе шығарылған кинолар көрсетілді.

Фестивальде негізгі қазылар алқасынан бөлек, Ресей киноклубтарынан іріктеліп алынған қазылар алқасы да картиналарға бағасын беріп отырды. Бұған дейін 75-ші Венеция кинофестивалінде «Көкжиектер» бағдарламасының «Алтын арыстан» жүлдесін жеңіп алған «Река» фильмін олар да үздік деп таныды.

Қазақстан атынан Сергей Дворцевойдың «Айка» және Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмдері байқаудан тыс көрсетілім аясында көрермендерге ұсынылды.

Қысқа метражды фильмдер байқауына жас режиссерлар Елдар Шибановтың «Зоопарк» және Шұғыла Сержанның «Самал» фильмдері қатысты.