21 жел, 2024 сағат 12:40

Байбазаров Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті 21 желтоқсан, сенбі күні министрдің отставкасы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.