Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек еліміздегі ең беделді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі жемқорлық жайлы сөз қозғады. Ол «Өзім оқымасам да, сонда білім алып жатқан студенттерді жақсы танимын» деді Instagram-парақшасындағы тікелей эфир барысында.
«Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қазақ ұлттық университетінде жемқорлық атымен жоқ» деген мақала оқыдым. Бұл – жалған ақпарат. Өзім осы университетте оқымасам да, сонда білім алатын 20 студентті жақсы білемін. Олар өздерін студент қатарына қосқанымен сабаққа қатыспайтындарын айтқан. Мен де дәріске қатыспай, диплом алуға қарсы емеспін», – дейді Айсәуле Бақытбек.
Сондай-ақ ол жоғарғы оқу орындарымен қатар, ауруханалар мен мектептерде де жемқорлықтың өршіп тұрғанын тілге тиек етті.