Моңғолиядағы қандас Серік Бердімұратұлы Моңғолияның жоғары дәрежелі «Піл балуаны» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.
Ғұн империясының 2230, 2231 жылдығы, Моңғол империясы орнауының 815, 816 жылдығы, Ұлт азаттық қозғалысының 110, 111 жылдығы және Халық революциясының 99 жылдығына орай Моңғолияда Ұлттық мереке ұйымдастырылды. Халық революциясының 100, 101 жылдығы Моңғолияның Ұлттық мерекесіне орай белең алған күрес ойындары да өз мәресіне жетті. Баян-Өлгий аймағының тумасы Мемлекеттік начин (қаз. лашын) Серік Бердімұратұлы күрестің 7 кезеңінде мемлекеттік заан Доржийн Анарды жығып, мемлекеттік «заан» яғни мемлекеттік піл дәрежелі палуан атағын иеленді.
Серік Бердімұратұлы жасыл алаңда Э.Сумьяабат (6 кезең), Ц.Төмөрцоож (5 кезең), П.Даваадорж (4 кезең), Ш.Чинтулга (3 кезең), Б.Өлзийсайхан (2 кезең), Э.Дашзэвэг (1 кезең) қатарлы пауландарды айқын басымдықпен ұтты.
8 кезеңде мемлекеттік аварга (қаз. чемпион) дәрежелі палуан Намсрайжав Батсуурьдан ұтылып қалды.