Бірнеше күн бұрын белгілі рэпер Жан Ахмадиев түнде Алматы көшесіне шығып, жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабаған болатын. Оның бұл ісін көпшілік сынға алып, тіпті пиар үшін арнайы ұйымдастырылған шара деп жатты. Бұл жолы белгілі продюсер Баян Мақсатқызы да үнсіз қалмады.
«Бұрын біздің батырларымыз жерлерді жаулап алған. Бүгінгілер жезөкшелерді қамшымен қуып, өз «батырлықтарын» камераға түсіреді. Сорақысы – бұл жабайылықты қолдайтын тобырдың көптігі. Қоғамның дағдарысы осындай болады. Құқық қорғау органдары бұл бассыздыққа түсінік берер деген үміттемін»-дейді продюсер.