Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек Twitter әлеуметтік желісінде жеке аккаунтын ашты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен өзара ықпалдастықтың жаңа форматын дамытып, әлеуметтік желілерде белсенді болуын тапсырған еді. Президент тапсырмасынан кейін көптеген әкім әлеуметтік желіден парақша ашып, өз жұмыстарын бастап кетті. Бүгін бұл тізімге оңтүстік астананың басшысы Байыржан Байбек қосылды.
Қала әкімі алғашқы жазбасында Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы айтады.