Мемлекеттік шекарадан үш шақырым қашықтықта зымыранның бір бөлігі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, зымыранның бір бөлігі 30 қаңтар күні БҚО Бөкей ордасы ауданында, мемлекеттік шекарадан үш шақырым қашықтықтағы «Молодость» жаяу жүргіншілер жолағына құлаған. Аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов бұл ақпаратты растады.
«Бұл жанармай құятын баг болуы мүмкін, оны 30 қаңтарда шекара қызметкерлері тапты. Кеше Ресей оқу-жаттығу өткізді, зымыранның бір бөлігі сол жақтан ұшып келуі мүмкін. Оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады Нұрлан Рақымжанов.
Қосымша ақпарат мамандардың жұмысынан кейін белгілі болады.