01 шіл, 2021 сағат 18:57

Бас санитар вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекітті


Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құжат бойынша вакцина енгізуге қарсы көрсетілімдер мыналар:

1) вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия немесе осы вакцинаны алдыңғы енгізуге аллергиялық реакциялар;

2) ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық;

3) жоғары температура немесе вакцинаны бұлшықет ішіне енгізген кезде пайда болуы мүмкін қан кету тәуекеліне байланысты аурудың жіті фазасы;

4) жүктілік және лактация кезеңі;

5) 18-ге дейінгі жас.

Бас санитар қаулысында «вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар» ұғымына анықтама берілген.

«Вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С-тан жоғары температура)», - деп жазылған құжатта.