Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев Қордайдағы оқиға бойынша қылмыстық қудалау органдары кінәлілерді тауып, оларды жауапкершілікке тарту үшін барлық шараны жүзеге асыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі істер министрі айтқандай, Қордайдағы оқиға бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылады. Істің барысы Бас прокурордың назарында. Қылмыстық қудалау органдары кінәлілерді тауып, оларды жауапкершілікке тарту үшін барлық шараны жүзеге асырады. Зардап шеккендерде қажетті құқықтық көмек беріледі. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп сақтау шараларын қамтамасыз етіп отыр», - деді Бас прокурордың орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Болат Дембаев айтып өткендей, жеке адамдар болған оқиғаны бұрмалап жатқанын, жалған ақпарат таратып жатқанын жеткізді.
«Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті сақтап, ескерту үшін бүкіл елге - Қазақстанның Конституциясы ұлтаралық келісімді бұзарлық кез келген әрекетті тыйым салатынын жеткізгіміз келеді. Конституцияның аталған талабын орындамаудың салдары ұлтаралық араздықты туғызу, жаппай тәртіпсіздікке ұйымдастыру, жалған ақпарат тарату істері бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Халықты сабыр сақтауға, провокацияға берілмей, шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз. Тергеу амалдарына қатысты барлық ақпарат ІІМ мен БАс прокуратураға жолданып отырады. Осы ведомстволардың интернет-сайттарында жарияланады», - деді ол.
Бас прокурордың орынбасары құқық қорғау органдары кез келген тәртіп бұзушылықтың жолын кесіп, оларға жол бермеудің барлық амалын қарастыратынын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайдағы оқиға салдарынан 8 адамның көз жұмғанын мәлім еткен еді.