- ҚР Бас прокуратурасы бүгінде қылмыспен күресте ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізу қажетті қадам екенін атап өтті, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бас прокурор Жақып Асановтың пайымынша, бұндай формат тергеу амалдары мен қадағалаудың сапасын жақсартады, жүйеде ашықтықты қамтамасыз етеді. Барлық тергелетін істер онлайн режімге ауыспақ.
«Жыл сайын 500 мың қылмыстық істі тергейміз. Бұған қосымша әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 4,5 млн хаттама бар. Яғни, 5 миллион іс пен материал бойынша шенеуніктер адамға қандай жаза тағайындау керектігін шешеді. Алайда, бұл көрсеткіштерде тұрған ештеңе де жоқ. Барлық елдерде де осылайша. Ең сорақысы, бұл істер мен материалдар қолмен жіргізіледі. Атап айтқанда, миллиардтаған беттермен есептелетін қағаздар, қомақты шығындар байқалады», - деп тоқталды Асанов.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде шағымды немесе істі зерттеу үшін айғақтар облыстан сұралады, олар өз кезегінде істі ауданнан талап етеді.
«Бізге жеткенше 2-3 апта өтеді. Кері жіберілген кезде тағы да 2-3 апта жолға жұмсалады. Осылайша, істер айлап көшіп жүреді. Уақыт өткен сайын айғақтар жоғалып, оқиға ұмытыла бастайды. Тергеу тоқтап тұрғандықтан, күдікті адам қамауда отырады», - деді Бас прокурор.
Белгілі болғандай, жыл сайын 900 мыңға жуық іс осындай рәсімнен өтеді.
«Жылына 900 мыңға тарта қағаз саяхаттап жүреді. Қағаз деген кешегі күн емес, өткен ғасыр ғой. Қағаздағы істерді жоғалтып алу, жойып жіберу немесе қолдан жасау оңай. Мәселен, ауданда істі заңсыз түрде тоқтатса, ол тағы біреу шағымданғанша жата береді. Әрбір істі қолмен қайта тексеріп шығу іске аспайды. Сондықтан да ақпараттың осы ауқымын сандық форматқа ауыстыруды көздеп отырмыз. Бұл ретте азаматтарға, қоғамға қажетті пайдалы істермен көбірек айналысуға мүмкін болады», - деп тапсырды ол.