02 мау, 2020 сағат 14:49

Бас мемлекеттік санитар дәрігері қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз мүмкіндігінше жұмысшыларды қызметтің қашықтағы форматына жіберуге кеңес берудеміз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осы тәртіпте жұмыс істеуге болады, яғни одан жұмыс процесі зардап шекпейді», - деді А. Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, қарым-қатынас аз болса, сәйкесінше, індет жұқтыру қаупі төмендейді.

«30 мамырда тиісті қаулыны қабылдадым, оған өзгерістер енгізілді. Біріншіден, карантиндік шектеуді тек жұмысын қайта бастаған нысандарға ғана жеңілдетіп отырған жоқпыз, сонымен бірге науқастармен байланыста болған адамдарға да жеңілдіктер ескерілген. Науқаспен жақын байланыста болған адамдардың тесті алынады. Егер нәтижесі теріс болса, бұрынғыдай олар бұрынғыдай 14 күнге емес, 7 күнге үйде оқшауланады. Содан кейін қайта тест алынады, сондай-ақ тесттің нәтижесі теріс болса, олар карантиннен босатылады», - деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.