06 мау, 2022 сағат 15:12

"Барыстың" бірнеше хоккейшісі командадан кетіп қалды


Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты Орталық ақпарат бюросының мәліметіне сүйеніп, осы уақытқа дейін тіркелген трансферлерді жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Осы ақпарат бойынша, "Барыс" командасынан 13 хоккейші кеткен. Олардың қатарында шабуылшылар - Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк ("Автомобилист"), Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко және Томаш Юрчо бар.

Ал қорғаушылардан Олле Альсинг ("Лександ", Швеция) , Эрик Мартинссон ("ХВ 71", Швеция), Джо Морроу, Валерий Орехов ("Металлург") және Роман Савченко кетсе, қақпашы Йони Ортио ("ХВ 71", Швеция) да елордалық ұжыммен қоштасыпты. 

Енді "Барыстың" құрамында 12 ғана хоккейші қалды.