02 там, 2022 сағат 00:19

«Барыс» Ресей хоккей клубының филиалына айналып кетті – жанкүйерлер Тоқаевқа ашық хат жазды


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа, Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Маминге, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына «Барыс» (Нұр-Сұлтан) хоккей клубының жанкүйерлері ашық хат жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құрметті Әлихан Асханұлы, Дәурен Әскербекұлы, Асқар Ұзақпайұлы! Ханымдар мен мырзалар! Біз, «БАРЫС» (Нұр-Сұлтан) хоккей клубының жанкүйерлері, клуб басшылығының соңғы уақытта оның президенті Иванищев Борис Анатольевич, вице-президенті Қарабалин Болат Әлібайұлы, басқарушы директор Кухт Наталья Викторовна және бас менеджер Белан Вячеслав Михайлович жүргізіп отырған саясатына наразылығымызды білдіргіміз келеді. Осылайша оларға сенімсіздік білдіреміз. «Барыс» ХК-ның қазіргі басшылығының бірізді әрекеттері мен түсініксіз шешімдері бізді, астаналық клуб жанкүйерлерін, жұмсақ тілмен айтқанда, абдыратып, наразылық толқынын одан сайын арттырып отыр», - дейді петиция жазушылар.

Олардың жазуынша, ойластырылмаған саясаттың салдарынан қазақстандық хоккейдің көшбасшы командасы ресейлік клубтың филиалына айналып барады. Өз әрекеттерімен жоғарыда аталған адамдар Қазақстанда хоккейдің дамуына орасан зор зиянын тигізіп жатыр.

«Клуб басшылығы тізімге мүмкіндігінше көп қазақстандық хоккейшілерді тарту курсы өтетінін бірнеше рет мәлімдегенімен, олардың барлық мәлімдемелері қайта-қайта бос сөз болып шығады. Клуб басшылығының соңғы жылдары, әсіресе отандық ойыншыларға қатысты жүргізіп отырған өте оғаш трансфер саясаты бізді ашуландырды. Біз «Барыс» клубынан жергілікті оқушылар санының жылдан жылға азайып бара жатқанын қатты өкінішпен байқаймыз. Қазақстандық хоккей қашанда таланттарға бай. 1998 жылы Наганодағы Олимпиада ойындарында біздің қазақстандық жігіттер әлем бойынша ТОП командалар арасында 5-орынға көтеріліп, жұлдыздарға айналғаны бәріміздің есімізде. Ол команда толығымен қазақстандықтардан, дәлірек айтсақ, бір мектептің – Шығыс Қазақстанның оқушыларынан құралды», - дейді олар.

Петиция жазушылар бүгін де өкінішке қарай, аты аңызға айналған өскемендік «Торпедоның» шын мәнінде жойылудың аз-ақ алдында тұрғанын, ал ұлттық құраманың базалық клубы елордалық «Барыстың» легионерлерге үміт артып отырғанына наразы.

«Жоғарыда айтылғандардың барлығын есепке ала отырып, «Барыс» ХК-да болып жатқан келеңсіз жағдайға және бейберекеттікке назар аударуыңызды сұрайды. Клуб басшылығының отставкаға кетуін талап етеміз. Қарапайым жанкүйерлердің қоғамдық пікірі сіз үшін әлі де маңызды екеніне сенеміз және сіздердің үнімізге құлақ асатыныңызды сенеміз. Біз сүйікті клубымыздың жерленуіне жол бермейміз! Біз «Барыс» ХК-ның қазіргі басшылығына үзілді-кесілді сенімсіздік білдіреміз!» - дейді жанкүйерлер.

Петицияға мына сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге болады.