26 жел, 2020 сағат 08:31

Балқашта тұратын 96 жастағы әже Абай өлеңдерін жатқа оқиды

Балқаш қаласында тұрып жатқан кейуана Рахиля Ержанова 96 жасқа келгеніне қарамастан, Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Рахила Ержанова 1924 жылы Тасарал ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде жақсы оқыған. Өкінішке орай, ол тек бесінші сыныпты бітіріп ары қарай оқи алмаған. Кейін жұмыс істеп, тұрмысқа шығып, екі баланың анасы атанды. 

Рахила әже өмір бойы жолдасымен бірге Балқаш көлінде балық аулаумен айналысқан. Бірақ ол оқуға қашан да уақыт тауып, балаларының әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып отырған.

«Ол кезде оқи алатын әйелдер аз болатын. Келіндер үй шаруашылығымен айналысуы керек еді. Бірақ менің анам оқығанды ұнататын және үнемі кітеп оқып жүретінін көретінмін. Ол әсіресе қазақ ақындарының шығармаларын сүйіп оқитын. Анамның бұл қасиеті балаларына да жақсы әсер етті», - дейді Рахила Ержанованың қызы Баян Аяшбекова.

Қазір Рахила әженің 9 немересі және 16 шөбересі бар, олардың барлығы өлең айтады. Көру қабілетінің нашарлауына қарамастан, Рахила Ержанованың оқуға деген ықыласы әлі де зор.