22 там, 2018 сағат 19:45

Баландин - Азия ойындарының қола жүлдегері

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 22 тамыз күні Қазақстан спортшысы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үшінші нәтиже көрсетті. Алтын мен күмісті Қытай және Жапония спортшылары алды, деп хабарлайды Азаттық.

Ол 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында осы қашықтықта алтын алған. Ал 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған. Спортшы жарақатына байланысты Джакартадағы Азия ойындарында 200 метрлік жарысқа қатыспаған.

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында 1 алтын, 5 күміс, 12 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. 22 тамызда таэквондодан Нұрлан Мырзабаев қола иеленді.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.