ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайымның ойынша, білімнің жаңа мазмұнын енгізумен қатар ұлттық тәрбиені ұмытпау қажет, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазір еліміздің білім беру саласында жақсы реформалар іске асып жатыр. Әрине, электронды жүйелерді дамыту жолында адамның кім болып қалыптасатынын да естен шығармау қажет. Бізге жақсы маман қажет. Оған қоса, ол жақсы адам болуы керек. Ал жақсы адам деген кім? Ол - өзінің тілін, дінін құрметтейтін, салт-дәстүрін білетін, қазақ екенін ұмытпайтын адам. Қазір жаппай ақпараттық теxнологияларға үйретеміз деп, болашақта сол баладан робот жасап, оны адам ретінде жоғалтып алмасақ болғаны. Атақты әл-Фарабидің өзі баланың білімінен тәрбиесі артық деген болатын. Сол себептен тәрбие мәселесін назардан тыс қалдырмауымыз қажет», - дейді Әбдірайым ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.
Айта кетейік, биылғы Жолдауға арналған жиында «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова «біз білмейтін» мамандықтарды жариялады.
Оның сөзінше, бүгінде ресейліктер жаңа мамандықтардың атласын әзірлеп қойды. Оған сәйкес, жақын арада молекулярлы диетолог, «тірі жүйелердің» сәулетшісі, киберпротездерді әзірлеуші, ГМО агроном, энергожүйелер дизайнері, интеллектуалды энергия желілерінің инженері, ақылды жолдарды салушы, ғарыш туризмі бойынша менеджер, ғарыш жолдарының инженері, роботтарды басқаруға арналған нейроинетрфейстерді жобалаушы, зияткерлік меншікті бағалаушы, электронды киім-кешек рецептерінің жобалаушысы, ой-өрісінің прод