ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк балалардың түнгі уақытта жүруіне не үшін тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Көп жағдайда балалар түнгі уақытта қылмыстың құрбаны болады. Осыған байланысты, 2010 жылдан бастап балалардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тұрғын үйден тыс көшелерде және ойын-сауық мекемелерінде жүруіне тыйым салынды. Ойын-сауық мекемелерінде олар сағат 22:00-ден кейін және 6:00-ге дейін, көшеде – сағат 22:00-ден кейін жүре алмайды. Бұл үшін арнайы жауапкершілік қарастырылған: ата-аналар үшін жаза – 3 АЕК мөлшерінде айыппұл (шамамен 9 мың теңге); меншік нысанына байланысты кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10-50 АЕК-ке дейін немесе 30-дан 145 мың теңгеге дейін айыппұл салынады», - деді спикер ІІМ-де өткен онлайн-брифинг барысында.