27 мау, 2025 сағат 13:34

Балабақшаларда педагогтердің еңбекақысы өсті

Фото: Unicef.com

Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев баяндағандай, 2024 жылы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысын арттыруға 93,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ал былтыр елімізде 89 мыңнан астам орындық 789 балабақша ашылды.

Сондай-ақ министр 2024 жылы мектептерде 1,7 млн-нан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылғанын хабарлады. Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.