12 мау, 2023 сағат 12:24

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

Фото: Facebook/dinara.zakiyeva

Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол 1982 жылы дүниеге келген.

Білімі

2001 жылы – Бейжің тіл және мәдениет институты;

2002 жылы –Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша;

2004 жылы – Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясы. "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша;

2013 жылы – MBA Hult international business school (Дубай) бітірген.

Еңбек жолы

2004-2005 жж. – "ТопЮрАудит" ЖШС бас директорының орынбасары;

2005 ж. ақпан-тамыз – ҚР Индустрия және сауда министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы;

2007-2013 жж. –Қазақстан Республикасы Президенті хаттамасының сарапшысы;

2011 жылдан – "Қасиетті Жол" қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы;

2013-2015 жж. – "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары - партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі;

2017-2019жж. – Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ директоры;

2019 ж. – "Nur Otan" партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы;

2019-2021 жж. – Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының басшысы;

2021-2023 жж. – Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты.