09 қаз, 2017 сағат 16:08

Бақытжан Сағынтаев қырғыз президентінің шулы мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың пікіріне қатысты арнайы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Мәлімдеменің толық мәтіні Primeminister.kz сайтында жарияланды. 

"Биылғы 7 қазанда Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының кейбір аспектілеріне қатысты қате әрі достыққа жатпайтын мәлімдемелер жасады. Қырғыз Республикасымен екіжақты қарым-қатынасының даму бағыты берік болып қалуын растай отырып, Қырғызстан Президентінің сайлауалды мақсаттарында жасалған араздық туғызатын жалған тұжырымдары талай ғасырдан бергі достық пен елдер арасындағы өзара көмекке зиянын тигізбеуі тиіс деп сенемін.

Осыған байланысты қырғыз қауымдастығын Қазақстанның экономикалық дамуы жайлы шын мәліметтермен хабардар етуді ұйғардым. Тәуелсіздік алғалы бері біздің экономика 20 есе өсті. 2012 жылы Қазақстан экономикасы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. Елде мықты ұлттық бизнес құрылған. Doing Business  Дүниежүзілік Банкінің рейтингінде Қазақстан 35-орында тұр. Бүгін 1,3 миллион кәсіпкерлік қрылым жалпы ұлттық байлықтың төрттен бір бөлігін өндіріп отыр. Соңғы он жылдың ішінде Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының аясында мыңнан аса жаңа өндіріс салынды, оның қатарында автомобиль, локомотив, вагон, тікұшақ және тағы да басқа өндірісі бар. Біздің елде ешқашан өндіріліп көрмеген өнімнің жаңа 500 түрін шығару игерілген. Қазақстанның көлік инфрақұрылымы түбегейлі жаңарып жатыр. 25 жыл ішінде он мың шақырымнан аса автожол салынып, қайта жөнделді. Таяу жылдары бұған қоса 8 000 шақырымнан аса автомобиль жолы модернизацияланады. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансқұрлықтық магистралінің қазақстандық бөлігінің құрылысын толықтай аяқтадық. 2,5 мың мың шақырымнан аса жаңа теміржол жолы салынды. Ақтау теңіз портының инфрақұрылымы кешенді түрде модернизацияланды, Құрық жаңа теңіз паром порты салынды. Каспийдегі теңіз өткізу қабілеті 25 миллион тоннаға дейін көбейді. Жыл сайын жаңа әуежайлар мен теміржол вокзалдары пайдалануға беріліп жатыр. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында 120 миллион шаршы метр баспана салып, 1,1 миллион қазақстандық отбасыны пәтермен қамтамасыз етті.

2017 жылдың сегіз айының ішінде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында 6,9 миллион шаршы метр жаңа баспана салынды. Оның ішінде 18,3 мың жеке үй бар. 61 мыңнан аса қазақстандық баспана жағдайын жақсартты. Тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып жатыр. Осы жылдың өзінде 10,1 миллион шаршы метр жаңа баспана пайдалануға берілді", - деп хабарлады Сағынтаев.

ҚР Үкімет басшысының мәліметінше, елде әлеуметтік инфрақұрылым белсенді дамып жатыр. 1,3 мың жаңа аурухана мен емхана салынған, 500 жаңа балабақша мен 1,4 мың мектеп салынды. 

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ашылған "Болашақ" бағдарламасы арқылы 12,5 мыңнан аса ел азаматы 35 елдің әлемнің үздік 200 жоғары оқу орнында білім алды. Жыл сайын орташа есеппен 270 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда орташа жалақы мен зейнетақы 10 есе өсті. Зейнетақы және әлеуметтік қорлар халықаралық ассоциациясының ресми мәліметі бойынша, Қазақстанда минималдық және орташа зейнетақы мөлшері Қырғызстандағы жағдайға қарағанда бес және үші есе көп. Біздің елде орташа өмір сұру ұзақтығы 72,3 жылға жетті", - деп атап өтті премьер-министр.

"Ал қызмет тарифтеріне келсек, қазіргі уақытта Қазақстанда табиғи монополия мен тұтынушылар субъектілерінің мүдделерін теңдікпен қамтамасыз етуді есепке ала отырып, негізгі қорларды жаңарту мен модернизациялауға арналған жаңа мождель іске асырылып жатқанын атап өткім келеді. Гидроэлектрстанциялары шығаратын электрэнергиясының тарифтері қазба энергия қайнаркөздерін қолдануда алынатын электрэнергияның тарифтеріне қарағанда төмен екені айдан анық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсқлтан Назарбаевтың стратегиялық саясатын жүзеге асыруда жаңа елордамыз Астананы салдық. Елорданың дамуына 50 миллиард АҚШ долларынан асатын қаражат құйдық. Бүгінде Астана халқы бір миллион адамнан асты", - делінген Сағынтаевтың мәлімдемесінде. 

Сағынтаев биыл Астанада ТМД-да тұңғыш рет ЭКСПО-2017 "Болашақ энергиясы" Дүниежүзідік көрмесі өткенін еске салды. Оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан. Көрме кезінде 4 миллиондай турист келген.

"Мемлекеттің экономикалық мықтылығы, тұрақтылығы мен жайлы инвестициялық климат арқасында ірі трансұлттық корпорациялар Қазақстан экономикасының барлық саласында жұмыс істеуде. Тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі тәуелсіздік жылдары 265 миллиард АҚШ долларына жетті. 2000 жылы ел президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрды. Қазіргі таңда Ұлттық қор және Қазақстанның алтын мен валюта қорының жалпы көлемі 91 миллиард АҚШ долларына жуық", - деп келтірді мәліметтерді ол.

"Экономиканың тұрақты өсімі, ел ЖІӨ-нің өсімі Қазақстанға серіктес мемлекеттерге барлық көмек түрін көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы 1997 жылдың 8 сәуірінен Мәңгілік достық және 2003 жылдың 25 желтоқсанынан Одақтастық қарым-қатынас туралы келісімге лайық Қырғыз Республикасымен бауырлас және тату көрші болу саясатын жүзеге асырып келеді. Осы жылдардан бері Қазақстан бауырлас қырғыз халқымен бірге, әсіресе қиын-қыстау заманда Қырғызстан билігінің өтініштеріне түсінікпен қарап, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге барынша қолдау білдіріп, айтарлықтай гуманитарлық көмек көрсеткен. Оның ішінде қуат тасымалдаушылар, азық-түлік және өзге де әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізу бар. Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруінің аясында Қазақстан Республикасының президенті 100 миллион АҚШ доллар көлемінде техникалық көмек беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қазіргі кезде техникалық көмек беру Келісімі Қазақстан Республикасының Парламентімен ратификацияланды. Қырғызстанға гуманитарлық көмек беру бойынша 20 миллион АҚШ доллары бөлініп қойылған, Бішкек пен ОШта екі жалпы білім беру мектебі салынды. Осыған байланысты мыңдаған қырғызстандық жұмыспен қамтамассыз етілді. Сонымен бірге инвестиция көлемі көбірек болуы да мүмкін еді, алайда, оның өсуі қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты жайсыз инвестициялық климатты сол күйде қалдырады", - делінген Сағынтаевтың мәлімдемесінде.

Қазақстанда 125 мың еңбек мигранты тіркеліп, елімізде тұрып жатқаны белгілі. Олар мемлекетіміздің тарапынан әлеуметтік және медициналық кепілдендірумен толық қамтылған.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанымының арқасында қазіргі уақытта Қырғызстанның импортталған кеден баждарынан үлесі Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдер арасында 1,9 пайызды құрайды. Қырғызстан Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа кіргелі бері олардың бюджеттері бірден көбейді. Мысалы, 2016 жылы Қырғызстанның үлесі 187,4 миллион доллар болды. Бұл Қырғызстан Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа кірмей тұрғандағы көрсеткішінен үш есеге көп. Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы теміржол көліктері қызметтерін реттеу туралы келісімге сәйкес, Қырғыз Республикасы 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап біріздендірілген теміржол тарифтерін қолданып жатыр. Бірақ тарифтің мезгілінен бұрын қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан 49 миллион доллар ақша жоғалтты. Бұл дегеніміз Қырғызстан экономикасы үшін пайда болып отыр.

"Қырғызстан тарапының Еуразиялық экономикалық қауымдастық талаптарына сәйкес, санитарлық, мал дәрігерлік және фитосанитарлық жүйелерді қолданысқа енгізу туралы міндеттерді өз мойнына алғанын айтып кету керек. Бірақ ол міндеттер әлі орындалған жоқ. Бұл қазақстандық нарыққа және интеграциялық қауымдастыққа зиян келтіреді. Қазақстандық тарап бұған қарамастан Қырғызстанның ауыл шаруашылық өнімдеріне деген қолжетімділікті оңайлату мақсатында кешенді шарала жүргізді. Қырғызстаннан Ресейге Қазақстан аумағынан тасымалданатын тауарлардың саны айтарлықтай - 100 тауарға өсті. Техникалық көмек аясында Қазақстанның ақшасына - 100 миллон доллар көлеміндегі ақшаға мал дәрігерлік және фитосанитарлық бекеттер жабдықталып, карантиндік және мал дәрігерлік зертханалар мен мал дәрігерлік препараттарды тіркейтін орталықтар салынды. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қытай Республикасына қытайлық тауарлардың өте көп импортталғанын және Қазақстанға да Қырғыз Республикасының қытайлық тауарлардың көп мөлшерде әкелініп жатқанын тіркеді. Бұл кедендік әкімшіліктің тиімсіздігімен байланысты. Дегенмен де қазақстандық тарап қырғыз тауарларына қандай да бір шектеу қойып жатқан жоқ.

Қырғызстаннан келетін тауарларды қытайдан келетін рэкспорт тауарларының дерегі бар болуына қарамастан Қазақстанға еркін түрде өткізуді қамтамасыз ету шаралары толығымен іске асып жатыр. Болжаммен ЕврАзЭс ұйымына мүше елдердің шығыны шамамен 100 миллион АҚШ доллар, сонымен қатар Қазақстанның ҚҚС шығындары - 155,8 миллион Ақш доллары. Сонымен қатар, біз Қырғызстан үшін кейбір маңызды тауарларға экспорттық кеденді баж салығын алмаймыз, алайда біз осы тауарлардың (мұнай және мұнай өнімдері, қара және түсті металл, тері және жануарлардың жүні және тағы басқа) Қырғызстаннан реэкспортталу дерегін білеміз. Жоғарыда аталған заттардың барлығы екі елдің ынтымақтастығын құрудағы бір бөлігі ғана. Қорытындылай келе Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың спекуляциялық үндеулеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының үкіметі қазақ-қырғыз ынтымақтастығын және стратегиялық серіктестігін белсенді түрде кеңейтіп, нығайтады", - делінген Қазақстан Үкіметі басшысының мәлімдемесінде.