06 мам, 2022 сағат 21:52

БАҚ: Сбербанк Қазақстандағы еншілес компаниясын мемлекетке сатады


"Бәйтерек" мемхолдингі "Сбербанк Қазақстанға" басты үміткер болды, оның капиталына мәміленің екінші кезеңінде Еуропалық қайта құру және даму банкі де кіруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Frank.rg сайтына сілтеме жасап.

"Әзірге Сбербанктің еншілес компаниясына басты үміткер - Қазақстан үкіметіне тиесілі "Бәйтерек" холдингі. Холдинг оны банк серіктесі - Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірге сатып алуы мүмкін", - делінген басылым мәліметінде.

"Бәйтерек - қазір жалғыз үміткер", - делінген Альфа-Банк пен Сбербанктің қазақстандық активтерін сату бойынша келіссөздер барысымен жете таныс басылымның тағы бір дереккөзінде.

Басылым ақпараты бойынша, ЕҚДБ қазір Сбербанктен оның еншілес компаниясын тікелей сатып ала алмайды, сондықтан ол мәмілеге екінші кезеңде қосылуы мүмкін.

Frank Media мәліметінше, қазақстандық реттеушінің АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасымен (OFAC) келіскен тізімінде Еуропалық қайта құру және даму банкі күтпеген жағдайда пайда болған. Сондай-ақ, қандай мақсатта пайда болғаны түсініксіз.

Frank.rg басылымына пікір білдірушілердің бірінің айтуынша, "Бәйтерек" мемлекеттік холдингі "Сбербанк Қазақстан" санациясынан кейін "шамамен бір жылдан соң" бұл активті жергілікті компанияның пайдасына жекешелендіру мүмкін.