Германия канцлері Ангела Меркель өзі басқаратын Христиан-демократиялық одағы партиясына (ХДОП) желтоқсанда өзін қайтадан партия басшысы етіп сайлауға түспейтінін айтты. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасаған германиялық dpa агенттігі хабарлады.
Меркель бұл шешімін ХДОП аймақтық өкілді органдарға сайлауда жеңіліп, басқарушы коалицияның тұрақтылығына қауіп төне бастаған соң қабылдап отыр.
Ангела Меркель Христиан-демократиялық одағы партиясын 2000 жылдан бері бсқарып келеді.
Германияны 2005 жылдан бері басқаратын Ангела Меркель канцлер қызметін әлі де атқарғысы келеді.
28 қазанда Гессен аймағында өткен сайлауда Христиан-демократиялық одағы партиясы мен солшыл Социал-демократиялық партиясы (СДП) аз дауыс жинап қалғаннан кейін Меркель ХДОП басшыларына партия басшылығынан түсетінін хабарлаған.
Дегенмен, жергілікті БАҚ Меркель партия басшылығынан кетсе де канцлер қызметінде қала бергісі келетінін хабарлап жатыр.
Гессендегі сайлауда ХДОП 27 пайыз, СДП 20 пайыз дауыс жинады. Екі апта бұрын Баварияда өткен сайлауда ХДОП жергілікті өкілдік органда абсалютті басымдыққа ие бола алмай қалған. А