06 ақп, 2024 сағат 19:50

Бағдат Мусин өз орнында қалды


Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

1983 жылы Екібастұзда туған.   

Сүлеймен Демирел университетін (2000-2004) «компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы», Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2004-2006) «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.  

2020 жылдан бері ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарып келеді.