13 мам, 2022 сағат 17:01

БАӘ президенті қайтыс болды


Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян 73 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

БАӘ мемлекеттік WAM ақпараттық агенттігінің мәліметінше, мемлекет басшысы ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған.

БАӘ министрлігі елде 40 күндік қаралы күн басталатынын хабарлады. Федералдық және жергілікті деңгейдегі министрліктер, жеке сектордағы жұмыс үш күнге тоқтатылады.