Фото:shutterstock.com
Ақылы қызметтерге бір жылда баға 13,3% (2023 жылда – 12,4%), азық-түлік емес тауарларға – 8,3% (2023 жылда – 9,1%), азық-түлік тауарларға – 5,5% өсті (2023 жылда – 8,5%). Бұл туралы мәліметті Ұлттық Статистика Бюросы жариялады деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2023 жылда 9,8%-дан 2024 жылда 8,6%-ға дейін баяулады. Бір айда инфляция 0,9% құрады (алдынғы айдағыдай).
Өткен жылмен салыстырғанда тарифтер суық суға – 43,1%, су бұруға – 25,7%, орталықтан жылытуға – 22,3%, ыстық суға – 19,2%, электр энергиясына – 18,4%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 12,1%, қоқыс шығаруға 10,3% өсті.
Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 23,9%, байланыс қызметтеріне – 16,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 11,1%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 10,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 10,4%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне 9,5%, жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 24,9%, қалалық автобуспен – 11,8%, жолаушылар әуе көлігімен 10,1% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 12,3% өсті.
Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 42,2%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 28,2%, зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 22,2%, киім және аяқ киімге – 10,5%, фармацевтикалық өнімдерге, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10,2%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 6,9%, құрылыс материалдарына 5,3% өсті. Ағаш – 15,6%, сұйытылған газ баллондағы – 10,1%, тас көмір 8,6% қымбаттады. Бағаның арзандауы ұсақ электр-тұрмыстық керек-жарақтарға – 20,1%, ыдысқа 10,3% тіркелді.
Бағаның өсуі темекі өнімдеріне – 15,9%, минералды және ауыз суға – 15,3%, кондитерлік өнімдерге – 12,8%, жаңа жиналған көкөністерге – 12,4%, салқындатылған сусындарға – 11,7%, қайта өңделген және консервіленген балыққа – 10,7%, балмұздаққа – 10,6%, жеміс және көкөніс шырындарға 10,5% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,4%, сәбізге 8,7% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2024 жылда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (10,7%) және Қарағанды облысында (9,6%).