Фото: Ақорда
Президент Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келген Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz.
Осы сапар барысында құны 300 млн доллардан асатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылмақ.
Биыл Қазақстан мен Азия даму банкі арасында 30 жылдық ынтымақтастық тойлануда. 1994-2024 жылдар аралығында банк Қазақстанда жалпы 7 млрд доллар көлеміндегі жобаларды қолдады. Олардың қатарында Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізі мен Ақтөбе-Қандыағаш жолын жаңарту жобалары бар.