08 мау, 2020 сағат 03:25

Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой боксқа ауысты

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы карьерасын бастайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Cпортшы Instagramдағы-дағы парақшасында: «Мен құрамадан кеттім. Кәсіпқой боксқа ауысамын», - деп жазды. 

Бек Нұрмағанбеттің әуесқой бокстағы деңгейіне келер болсақ, ол - Азия чемпионы. Өткен жылы қазақстандық 81 келі салмақта алтын еншіледі.

Нұрмағанбет Екатеринбургте (Ресей) өтетін әлем чемпионатына қатысуы тиіс еді, бірақ жарақатына байланысты турнирге бара алмаған. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев оның орнына Бекзат Нұрдәулетовті ауыстыруына тура келді.