30 нау, 2025 сағат 12:34

Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан күміс жүлде еншіледі


Фото: olympic.kz


Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ult.kz 


Жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен белдескен отандасымыз қарсыласын тізе бүктіріп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.


Ризабек Айтмұхан финалда жапониялық Араш Ёшидамен кездесті. Өкінішке қарай Жапон спортшысы қазақстандақы спортшыдан айласын асырып, бәсі басым түсті.


Осылайша қазақстандық балуан қарсыласына 1:7 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты.