28 сәу, 2024 сағат 12:16

Азия чемпионаты: Қазақстанның үш боксшысы нокаутпен жеңіске жетті


Фото: instagram/boxingkazakhstan
Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының бірінші күнінде қазақ боксшылары сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Турнир басында Қазақстаннның бес боксшысы жекпе-жек өткізіп, бесеуі де жеңіске жетті. Үш боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.
Алексей Хаванцев (60 келі) бірінші раундта бутандық боксшы Дечен Доржиден басым түссе, Ахмет Үсен (63,5 келі) түркіменстандық Мерген Ходжамаммедовпен кездесуін рефери үшінші раундта тоқтатты. Ал Санжар-Али Бегалиев (75 келі) вьетнамдық Фам Данг Луды жеңді. Кездесу екі раундқа созылды.


Сонымен қатар жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасының сапында Нұрасыл Төлебек (54 келі) оңтүстіккореялық боксшы Чжин Чжу Анды айқын жеңді. Ал Жансері Көшербаев (57 келі) тайваньдық Чу По Чунямен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.