Бүгін Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында джиу-джиутсудан 62 келіде сынға түскен Дархан Нортаев ел қоржынына төртінші алтынды салды.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Дархан 1/8 финалда қырғызстандық Әбілдабек Кекеновты 2:0 есебімен жеңсе, келесі айналымда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысынан 4:0 есебімен басым түсті.
Ақтық сында Біріккен Араб Әмірліктерінің тағы бір спортшысын жеңген Дархан Азия чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына төртінші алтын жүлдені салды.