23 там, 2018 сағат 13:57

Азиада-2018: Қазақстан 16-шы қола медалді иеленді

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 16-шы қола медаль түсті.

ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей, стенд атудан қазақстандық Мария Дмитриенко үздік үшінші орынға ие болды.

«Дубль-трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Дмитриенко жалпы есебі 125 ұпай жинады.

Алтын және күміс медаль тиісінше 136 және 134 ұпай жинаған Қытай қыздарынының еншісінде кетті.