27 там, 2018 сағат 11:03

Азиада-2018: Ел қоржынына алтыншы алтын медаль түсті

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 6-шы алтын медаль түсті.

ҚР Ұлттық Олимпиадылқ комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін Джакартадағы жарыста каратеден 68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 6-шы алтын медальды салды.

Ол финалда қытайлық спортшы Танг Линглингті ұтып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті.

Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 ойындарының жалпы қорытындысы бойынша 6 алтын, 8 күміс және 28 қола медальмен жалпы есепте 11-ші орынды сақтап тұр.