06 ақп, 2024 сағат 19:43

Ажар Ғинияттың орнына Ақмарал Әлназарова келді


Фото: Сенат

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

1971 жылы Қызылорда қаласында туған. 

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1994) «педиатрия», Қорқыт университетін (2006) «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 

Медицина ғылымдарының докторы (2010)

2007 жылдан бері AMANAT партиясының мүшесі.