#
#
Сенбі 16/01/2021

Азат Перуашев шамасы келмейтін мәлімдемелер жасауда – Ертісбаев

  • 24.11.2020
  • 0
  • 10242

«Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев іс жүзінде қолдау таппайтын мәлімдемелер жасауда, деді белгілі мемлекет қайраткері Ермұхамет Ертісбаев Azzatyq Ruhy ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында. 

«Ақжол» партиясының лидері Азат Перуашев партияның Мәжілістегі орындарының жартысына жуығын алатындығын мәлімдеген болатын. Алайда партиялық тізімді қарап шықтым, онда барлығы 38 фамилия көрсетілген. Бұл дегеніміз жартысына да жақындамайды деген сөз. Әлеуметтік сауалнамаға сүйенсек, сұралғандардың 5,2% ғана Ақжолдықтарды қолдайтынын көрсетті. Яғни, Nur Otan-ның басқа қарсыластарының мүмкіндіктері аз. Дегенмен, Мәжілісте 3-4 партияның өкілдік еткенін қалар едім. Өйткені Қазақстанда саяси плюрализм бар. Бұны жоғары заң шығарушы және өкілді органдар ұсынуы керек». 

Оның пікірінше Nur Otan партиясының праймеризі билеуші партияның бәсекелестерін жойған. Сонымен қатар, ол Үкіметтің есебінде партияның жүзеге асырған істерінде көрсетілген сандарға көңілі толғанын айтты. 

 «Nur Otan партиясы – бұл билік партиясы, әрине, басқа ешқандай партияларда нақты сандар мен атқарылған жұмыстар айтылған Үкіметтің есебін тыңдау мүмкіндігі жоқ. Осы 5 жыл ішінде Нұрлы Жол бағдарламасы бойынша 2800 шақырым автожол және 2 миллион 600 мың шаршы метрді құрайтын қолжетімді баспана салынды. Экономикадағы шағын бизнестің үлесі 32%-ға жетті, халықаралық рейтинг бойынша 25-ші орынға шықты. Бұлар соңғы 5 жылда іске асырылды. Мұның бәрі қолжетімді, кез-келген азамат интернеттегі үкіметтің веб-сайтына кіріп, осы есепті көре алады Бұл есептен кейін сайлаушылар партияның бар екеніне көз жеткізді. Басқа партиялар мұны істей алмайды», - деді мемлекет қайраткері. 

Сонымен қатар, Ертісбаев мырза партия жүйелі жаңғыруда қойылған барлық міндеттерді орындағанын атап өтті. 

 «Nur Otan қуатты халықтың портретін ұсынды. Партиялық тізімдегі әйелдердің үлесі 30%. Алға қойылған міндеттер толығымен орындалды. Жастар санының үлесі үш жарым есеге дейін өсті. Яғни, барлық әлеуметтік страталар ескерілген. Nur Otan үлкен басымдықпен алға жылжуда, олар мәреге де жетті, қалғандары артта қалды. Қазір осындай жағдайды көріп отырмыз», - деді Ертісбаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар