Өңірлер бойынша зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шешіп алудың барлық көлемінің 62,5%-ы Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне тиесілі. Бұл туралы Премьер-Министр А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, отырыстың күн тәртібінде ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланды.
Биылғы жылғы ақпанның қорытындысы инвесторлардың АҚШ пен Еуропадағы мемлекеттік бағалы қағаздар ставкасынан туындаған алаңдаушылыққа қарамастан, нарықтардағы жағдайдың қолайлы болып қалғанын көрсетті. Ынталандырушы фискалдық және монетарлық шаралар нәтижесінде әлемдегі инфляция мен инфляциялық күтулер жеделдей түсуде. АҚШ-та инфляция биылғы жылғы қаңтарда 1,4%-ға жетіп, 2020 жылғы маусымнан бастап біртіндеп өсуде. Сонымен бірге, Еуроодақта 2021 жылдың басында бағаның күрт өсуі байқалады, нәтижесінде инфляция өткен жылғы желтоқсандағы 0,2%-дан биылғы жылғы қаңтарда 1,2%-ға дейін өсті. Бұл ретте әлем державаларының орталық банктері қазіргі уақытта еңбек нарығының жай-күйін ескере отырып, ынталандырушы саясат бағытын растауда.
Е. Досаев атап өткендей, мұндай жағдайларда Қазақстанның негізгі сауда әріптестерін қоса алғанда, дамушы елдердегі орталық банктер дамыған елдердегі ақша-кредит саясатын ерте қалыпқа келтіру және инфляциялық тәуекелдердің өсу мүмкіндігін ескере отырып, бейтарап ақша-кредит саясатына ықтимал көшуге дайындала бастауда. Осы жылғы ақпанда Ресейдегі инфляция 4% таргет кезінде 5,7%-ға жетті. АҚШ-тағы, Еуропадағы мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздық мөлшерлемеге қатысты қауіптену және инфляциялық тәуекелдер әлемдік қор алаңдарының рекордтық өсу қарқынын баяулатты.
Нарықтардағы оптимизм әлемде коронавируспен ауырудың төмендеуін және әлемде вакцинацияны жалғастырудың әсерімен қалыптасты. Осы орайда АҚШ экономикасын ынталандыру шараларының жоспарланған топтамасы оптимистік көңіл-күйдің алаңдаушылықтан басым болуына және биылғы жылғы ақпанда қор нарықтарының өсуін қолдауға мүмкіндік берді, алайда алтынға баға белгілеу төмендеді. Шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету іскерлік белсенділіктің жаһандық индексінің өсуіне ықпал етуде, ол биылғы жылғы ақпанда көбінесе АҚШ-тағы сервистік құрамдас бөліктердің 59,8-ге дейін, Еуроодақта өнеркәсіптік белсенділіктің 57,9-ға дейін, Ресейде 51,5-ке дейін жеделдеуі есебінен 52,3 тармақтан 53,2 тармаққа дейін ұлғайды.
«Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі негізінен қызмет көрсету секторында көрсеткіштің жақсаруы есебінен 48,4-тен 49,0-ге дейін аздап өсті. Құрылыста іскерлік белсенділік жаңа тапсырыстар көлемінің және еңбекпен қамту деңгейінің төмендеуінен нашарлады, өнеркәсіпте де аздаған төмендеу байқалды. Биылғы жылғы ақпандағы жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес қосуын жалғастыруда. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі ішкі нарықтағы шектеулі ұсынысқа, әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың және отандық өндірушілер бағаларының өсуіне байланысты жекелеген тауар нарықтарындағы теңгерімсіздіктің сақталуынан биылғы жылғы қаңтардағы 11,4%-дан ақпандағы 11,6%-ға дейін жеделдеді», — деді Е. Досаев.
Өткен айларда байқалған ет және ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар бағалары өсуінің баяулауы биылғы жылғы ақпанда тоқтатылды. Азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі қатарынан 9 айға созылып, бұл ФАО азық-түлік бағалары индексінің көп жылдық максимумына әкелді. Инфляцияның азық-түлікке жатпайтын және сервистік құрамдас бөліктерінің динамикасы әлсіз тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,3%-дан 5,2%-ға дейін, ақылы қызметтер инфляциясы тұрғын үй-коммуналдық реттелетін қызметтердің жекелеген түрлеріне тарифтердің төмендеуі есебінен 4,1%-дан 3,9%-ға дейін баяулады. Жеке адамдарға қызмет көрсету және демалыс қызметтеріне бағалардың өсуі жалғасуда. Биылғы жылғы ақпанда халықтың инфляциялық күтулері өзгерген жоқ, бұл ретте тамақ өнімдерінің жекелеген нарықтарындағы теңгерімсіздікке тұрақсыз және сезімтал күйде қала берді.
Алдағы жылға арналған инфляцияның сандық бағалауы 6,7% құрады. Респонденттердің арасында белгісіздіктің жоғары деңгейі сақталуда – пікіртерімге қатысқандардың үштен бір бөлігінен астамы өз күтулерін бағалауға қиналды. Биылғы жылғы ақпанда мұнай бағасы ОПЕК+ елдерінің шикізат өндіруді қысқартуы, АҚШ-тағы температураның өте төмен болуы, әлемде COVID-19 ауруының төмендеуі нәтижесінде жылдық рекордтан асып түсті. Бұл биылғы жылғы ақпанда рекордтық мәндерге жеткен Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына шетелдік капиталдың әкелінуімен қатар республикалық бюджетке трансферттер бөлу шеңберінде Ұлттық қор активтерін конвертациялаумен, квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сатуымен, сондай-ақ компаниялардың тоқсандық салық төлемдерімен биылғы жылғы ақпанда айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 417,09 теңгеге дейін 1,7%-ға нығаюына ықпал етті. Биылғы жылғы 10 наурызда теңге бағамы салықтық кезеңнің аяқталуы, санкциялық риториканың күшеюі салдарынан негізгі сауда әріптесі валютасының әлсіреуі аясында айдың басынан бері 0,8%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 420,58 теңгені құрады.
«Биылғы жылдың басынан бастап номиналдық құны бойынша 484,7 млрд теңге сомасына мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Сатып алуға жиналған өтінімдер ұсыныстың жарияланған көлемінен 4,3 есе асып түсті. Бұл ретте, мемлекеттік бағалы қағаздар аукциондарына нарықтың қатысу үлесі 2020 жылғы 32,7%-дан 100%-ға дейін болды. Халықаралық инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялары биылғы жылғы ақпанда рекордтық 700 млрд теңгеге жетті, оның ішінде Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары 2020 жылдың басындағы 1 млрд теңгеден 198 млрд теңгеге дейін өсті. Сұраныстың өсуі нәтижесінде мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі жыл басынан бастап бүкіл қисық бойымен орташа алғанда 50 базалық тармаққа төмендеді», — деді Ұлттық банк төрағасы.
Жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздар аукциондарына қатысудың өсуі тиімді кірістілік қисығын қалыптастыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы өтімділікті жақсартуға және қарыз алу құнын төмендетуге ықпал етеді. Ұлттық қордың активтері бір айдың ішіндемына себептер бойынша $70 млн-ға төмендеп, биылғы жылғы ақпанның соңында $57,6 млрд құрады: биылғы жылғы ақпанда 375 млрд теңгеге немесе $900 млн-ға нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлу үшін $443 млн сатылды; Ұлттық қорға түсімдер 164 млрд теңгені құрады, оның ішінде валюталық түсімдер $255 млн немесе теңге баламасында 106 млрд болды. MSCI World акциялар индексінің биылғы жылғы қаңтардағы құлдыраудан кейін ақпанда 2,6%-ға өсуі Ұлттық қордың оң инвестициялық кірісіне ықпал етті, ол бір айда $116 млн болды. Алтынвалюта резервтері алтын бағасының қорғаныш актив ретінде алтынға сұраныстың төмендеуі аясында бір унция үшін 1853 доллардан 1765 долларға дейін 5%-ға төмендеуі аясында алтын портфелінің $1 млрд төмендеуіне байланысты биылғы жылғы ақпанда $34,7 млрд дейін $830 млн төмендеді. Еркін айырбасталатын валютадағы активтердің өсуі негізінен екінші деңгейдегі банктер қаражатының Ұлттық банктегі валюталық шоттарға $273 млн түсуі есебінен $178 млн құрады. $43 млн көлеміндегі мемлекеттік борышты төлеу және клиенттердің Ұлттық банк шоттарындағы қаражатының азаюы екінші деңгейдегі банктер қаражатының түсу әсерін ішінара теңестірді.
«Жалпы халықаралық резервтер ақпанда $92,36 млрд дейін $900 млн төмендеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты жыл басынан бастап 0,3 трлн теңгеге немесе 12,6 трлн теңгеге дейін 2,0%-ға төмендеді. Салымшылар енгізген зейнетақы жарналарының көлемі 191,7 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері – 60,1 млрд теңгені құрады», — деді Ерболат Досаев.
Биылғы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 222,9 млрд теңге болды. Биылғы жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша инфляция 1,3% болған кезде 1,7% мөлшеріндегі кірістілік алынды. Нақты кірістілік инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді. Биылғы жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы үшін орындалған өтініштерінің саны 721,7 млрд теңге сомасына 138,9 мың болды. Азаматтар алған жинақтарының 99,7%-ін тұрғын үй мәселелерін шешуге бағыттауға ниеттенуде. 402 азаматтың 936,3 млн теңге сомасына зейнетақы жинақтары 4 басқарушы компанияға сенімгерлікпен басқаруға берілді.
Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне алудың барлық көлемінің 62,5%-ы тиесілі. Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы жылғы қаңтарда 22,7 трлн теңгеге дейін 2,7%-ға, оның ішінде ұлттық валютада – 3,0%-ға немесе 14,3 трлн теңгеге дейін 415,2 млрд теңгеге, шетел валютасында – 2,1%-ға немесе 8,4 трлн теңгеге дейін 170,8 млрд теңгеге ұлғайды. Депозиттерді долларландыру деңгейі 2021 жылғы қаңтарда 37,1%-ға жетіп, төмендеуді жалғастырды. Биылғы жылғы қаңтарда экономикаға берілетін кредиттер 14,6 трлн теңгені құрап, өткен жылғы желтоқсандағы деңгейде сақталды. Халықтың кредиттік портфелінің 1,0%-ға өсуі бизнес кредиттері портфелінің 1,4%-ға төмендеуін өтеді. Шағын бизнеске берілетін кредиттер 0,9%-ға немесе 23,6 млрд теңгеге ұлғайды.
«Халыққа берілген кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар биылғы жылғы қаңтарда 4,43 трлн теңгеге дейін 1%-ға, ипотекалық қарыздар 2,41 трлн теңгеге дейін 1,7%-ға өсті. Экономиканың нақты секторына берілген кредиттік ресурстардың құны өткен жылғы қаңтардағы 12,1%-бен салыстырғанда 11,5%-ға дейін төмендеді», — деді Ұлттық банк төрағасы.
Қазақстан экономикасын қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. 1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биылғы жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1,1 трлн теңгеге 1 438 өтінім келіп түсті, оның ішінде банктер 736,3 млрд теңгеге 905 өтінімді мақұлдады, 572,9 млрд теңге сомасына 838 қарыз берілді. 2. Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 5 наурызда кәсіпкерлер 705,6 млрд теңгеге 2 772 өтінім берді, оның ішінде 553,0 млрд теңгеге 1 966 өтінім мақұлданды.
primeminister.kz