Фото: видеодан скрингот
Ер адам әйелімен жанжалдан кейін аялдаманы сындырған, деп хабарлайды Ult.kz тілшісі Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ақтөбеде автобус аялдамасының пластик қабырғасын тепкен ер адам ұсталды. Желіде видео тарағаннан кейін оны тез тапқан.
Ол әйелімен ұрысып қалып, ашуын аялдамадан алғанын түсіндірді. Полицияда онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ер адам кінәсін мойындады және қазір іс бойынша шешімді күтуде.
