23 қар, 2020 сағат 19:33

Әйелдер күресі: Тоғыз салмақта Қазақстан чемпиондары анықталды

Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әйелдер күресінен тоғыз салмақта жүлделер үлестірілді. Олардың барлығы дерлік жаңадан шығып келе жатқан балуандар болды.

Бүгінгі бәсекеде Светлана Анкичева (50 келі), Асылзат Сағымбай (53 келі), Айша Уәлишан (55 келі), Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі) «алтыннан» алқа тақты. Сондай-ақ, Аяулым Қасымова (62 келі), Жәмила Бақбергенова (68 келі), Валерия Гончарова (72 келі) және Элмира Сыздықова (76 келі) чемпион атанды.