13 қыр, 2022 сағат 23:40

Айдос Сұлтанғали - Әлем чемпионатының қола жүлдегері


Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Белградта өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордалық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Бұған дейін 26 жастағы Айдос 2018 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль алса, өткен жылы Азия чемпионы атанған еді.

Жартылай финалда қазақстандық балуан қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке 0:7 есебімен жеңілді.

Қола жүлде үшін бәсекеде Сұлтанғали мажарстандық Кристиан Кечкеметиді 7:1 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, ол екінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр.

Қазақстан грек-рим құрамасы (бас бапкері Серік Жұмашев) осы қола медальды қанағат тұтты.