06 мау, 2021 сағат 19:15

Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінде жекпе-жексіз көтерілді


Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

WBC рейтингінің жаңартылған нұсқасында суперорта салмақта Айдос Ербосынұлы 12-ші орыннан 11-ге көтерілді. 

Айта кетейік, қазақстандық спортшы желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Сол кезде ол Гана боксшысы Исса Самирді (19-1,16 КО) нокаутқа жіберген еді. 

Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global үш чемпиондық титулға ие. 

Былтыр Айдос Ербосынұлы екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. 

Исса Самирмен жұдырықтасудан бөлек, шілде айында Нигерия тумасы, неміс боксшысы Нуху Лавальмен (27-8, 15 КО) айқасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен. 

Биыл Ербосынұлы әзірге рингке шыққан жоқ.