Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев испан боксшысы Хуан Окурамен жұдырықтасып, жеңіске жетті.
Жекпе-жек тең дәрежеде басталды. Испан боксшысы жиі соққы жұмсағанмен, жерлесіміз сауатты қорғана білді. Айдар сәт сайын шабуыл жасап, Окураның осал тұсын іздеп бақты. Алайда қос боксшы да бірін-бірі ала алмай, алты раундқа дейін айқасты. Соңғы раундқа дейін тартысып, талас тағдырын төрешілер шешті. Қазылардың шешімімен, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Бұл кездесу Айдардың төртінші жекпе-жегі. Ол жақында ғана грузиялық боксшы Заза Амирадзені бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен ұтқан болатын.
Айта кетсек, бүгінгі бокс кешінде алғаш боп шаршы алаңға көтерілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жұман Жұмабеков беларусь боксшысы Владимир Ивановты айқын басымдықпен жеңді.
"Ұлт ақпарат"