09 қар, 2021 сағат 11:45

Аяжан Еділованің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды


Алматыда Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, процесс аса ауыр қылмыстар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта жабық режимде өтеді. Істі судья Еркін Майшынов қарайды. 

Бұған дейін сотталушы істің алқабилердің қатысуымен қаралу құқығынан бас тартқан еді.

20 қазан күні Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі сотқа түскен болатын. 

Еске салсақ, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып, үйіне оралмаған болатын. Кейін Аяжан Еділованың денесі табылды.

Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды. 

Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан.

Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.