SARS-CoV-2 жаңа коронавирусқа қарсы иммунитет адамдарда аталған вирусқа антидене анықталған кейін 8 айға дейін сақталатындығы анықталды. Бұл жайында Инсбрук медицина университеті сайтында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мәселен, 2020 жылдың сәуірінде, пандемия басталған кезде медицина қызметкерлері Ишгль қауымы тұрғындарын коронавирусқа қарсы антиденеге зерттеу жүргізген. Аталған қауым тұрғындарына қайталама зерттеу сол жылдың қарашасында жасалған. Нәтижесінде бірінші зерттеуге қатыстан адамдардың 90 пайызында вирусқа антидене сақталғаны анықталып отыр.
«Бірінші зерттеумен салыстырғанда антидене концентратының аздап төмендегеніне қарамастан олардың иммунитеті тұрақты деп айтуға болады. Сәуірде оң нәтиже көрсеткен қатысушылардың 90 пайызында антидене қарашада анықталды», - деді Инсбрук медицина университеті Вирусология институтының басшысы Доротея фон Лаер.
Таратылған ақпаратқа қарағанда, зерттеуге шамамен 900 адам қатысқан.