07 қар, 2022 сағат 11:28

Ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының жағдайы туралы айтылды


Boxeoplus басылымы қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте ауыр жеңіліске ұшырағанын, қазір комада жатқанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Суперорта салмақта WBA World белбеуі үшін 12 раундты айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтті. Моррел алдымен Айдосты есеңгіретті де, 12-раундта ауыр нокаутқа түсірді.

"Қазақстандық боксшы командасы барлығын құпия ұстағанына қарамастан, Boxeoplus.com сайты Ербосынұлының қауіпті бас жарақатын алып, комада жатқанын, ауыр халде екенін білді", - деп жазды басылым. 

Танымал инсайдер Дэн Рафаэль медициналық мекеме жағдайға түсініктеме беруден бас тартқанын, бірақ алынған ақпаратпен бөлісетінін мәлімдеді.

"Сенбі @ShowtimeBoxing/@premierboxing шарасына қатысқан Айдос Ербосынұлы Дэвид Моррелден 12-раундта нокаутпен ұтылғаннан кейін ауруханада жатыр. Оның нақты жағдайы белгісіз, бірақ бір дереккөз жағдайы ауыр екенін жазды", - деп жазады журналист.