Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Айдарбек Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Бұл ретте Президент Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, сондай-ақ мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.
Әртүрлі жылдары "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрлігінің СҚО басқармасының басшысы, СҚО облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, СҚО Шал ақын ауданының әкімі, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, СҚО әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, СҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылы ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ал 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.