06 ақп, 2024 сағат 18:40

Ауыл шаруашылығы министрі өз орнында қалды


Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі лауазымын атқара беретін болды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Айта кетейік, Айдарбек 1966 жылғы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.