08 ақп, 2023 сағат 19:38

«Ауыл» партиясы кандидаттардың құжаттарын ОСК-ға тапсырды

Фото: auyl.kz

«Ауыл» партиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттарының құжаттарын ҚР Орталық сайлау комиссиясына тапсырды.

Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына түсетін 9 үміткер ұсынылды. Олардың бәрі – өте мықты және беделді кандидат. ​​​​​​​​Топ басында 2019 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қатысып, бақ сынаған Төлеутай Рақымбеков тұр. ​​​​​​​​​Экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Сатайұлының өндірісте де, басшылық лауазымда да үлкен, мол жұмыс тәжірибесі бар. Бүгінде ол - «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. ​Төлеутай Рақымбеков өз құжаттарын Астана қаласының № 2 сайлау округіне тапсырды.

​​​​​​​​​​​Қалған 8 үміткер де - өте мықты, бұқараға айтары бар беделді адамдар. Бәрі нақты сектордан, негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінен шыққан. Экономикада өздерінің нақты орындары бар жандар. 

​​​​​​Партияның облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарына бір мандатпен және партиялық тізім бойынша тіркелуі жалғасып жатыр.