Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық жұп екінші айналымда осы турнирдің көшбасшылары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль – Роберт Фарахпен кездесті.
Қазақстандықтар бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бублик пен Голубев екінші сетте де 5:3 есебімен алға шықты. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндіктерін пайдалана білді – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.
Қазақстандық жұп ширек финалға шығу үшін сальвадорлық Марсело Аревало – нидерландылық Матве Мидделкоппен таласады.