#
#
Сенбі 04/07/2020

Ауру өсімі жоғары өңірлерде ерекше шектеу шаралары енгізіледі - министр

  • 04.06.2020
  • 0
  • 215

Өңірлік бас санитар дәрігерлердің ерекше шектеу шараларын енгізуге құқығы бар. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы аптаның деректері бойынша 6 өңірде өсім байқалды. Жақында ведомствоаралық комиссия отырысын өткіздік. Кей өңірлерге қатысты ақпарат беріп жатырмыз. Ең үлкен өсім - Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Шығыс Қазақстанда өсім болған. Бірақ, қазір жағдай реттеліп келе жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында да өсім болды. Қазір өсім 2 пайызға төмендеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Осы ретте министр аталған жайтқа байланысты әр өңірде ерекше шектеу шаралары енгізілетінін айтты. 

«Оған арнайы құқығымыз бар. Өңірлік бас санитар дәрігерлердің қаулысымен осындай шектеулер күшіне енеді», - деді Елжан Біртанов. 

Оның дерегінше, Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде ғана коронавирус жұқтырғандардың саны артып тұр. Бірақ, өңірдің басқа аудандарында жағдай бірқалыпты. 

«Сондықтан тек сол ауданға ғана шектеу шаралары енгізіледі», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар