07 шіл, 2019 сағат 10:24

Ауғанстандағы жарылыс: 12 адам қаза тауып, 43-і жараланды

Ауғанстандағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 43 адам жараланды. Бұл туралы бүгін Pajhwok агенттігі Twitter-де мәлім етті,  деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Ғазна провинциясының орталығы саналатын Ғазна қаласында болған.

Агенттіктің xабарына қарағанда, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік директораты ғимаратының алдында автомобиль жарылған.

Қаза тапқандардың сегізі - қауіпсіздік қызметкерлері, тағы төртеуі - бейбіт тұрғындар.

Ал зардап шеккендердің көпшілігі - мектеп оқушылары. Олардың жағдайы туралы ақпарат тым мардымсыз. 

Лаңкестікке жауапкершілікті әзірге өңірдегі террористік ұйымдардың ешбірі алған жоқ.