Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы 5 қарашада өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Бүгін орталық сайлау комиссиясында республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауына байланысты жиын өтті. Жиында 42 аудан және 3 қала әкімінің сайлауы өтетіні хабарланды:
- Абай: Кручатов қ., Абай ауданы
- Ақмола: Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандары
- Ақтөбе: Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандары
- Алматы: Балқаш, Жамбыл аудандары
- Атырау: Исатай, Қызылқоға аудандары
- ШҚО: Алтай, Глубокое аудандары
- Жамбыл: Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары
- Жетісу: Кербұлақ, Сарқан аудандары
- БҚО: Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары
- Қарғанды: Приозерск қ., Ақтоғай, Осакаров аудандары
- Қостанай: Рудный қ., Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федеров аудандары
- Қызылорда: Сырдария, Шиелі аудандары
- Маңғыстау: Бейнеу ауданы
- Павлодар: Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары
- СҚО: Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары
- Түркістан: Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары
- Ұлытау: Ұлытау ауданы